Часы работы Пн-Пт - 09.00 до 19:00
Телефон доверия +7 (72533) 4-21-52
Напишите нам revkom_uko@mail.ru

Противодействие коррупции

                                                                                Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  

                                                              мониторингті жүргізу

                                                                        қағидаларына қосымша          

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдырмау шаралары

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді:

«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, Электрондық пошта — Revkom_uko@mai.ru, телефон нөмірі – 8 (72533) 4-21-52.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:
    басталды 01.01.2019 жылы, аяқталды 31.03.2019 жылы.
  2. Бақыланатын кезең: 2019 жылдың І-тоқсанындағы қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №34 бұйрығымен 2019-2021 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес әр бөлім сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс шаралары бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не дейін Құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөліміне мәлімет береді. Құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі бөлімдерден келіп түскен мәліметерді жинақтап, мониторинг жүргізеді және жинақталған мәліметтерді есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на төрағаға ұсынады.

Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №33 бұйрығымен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» бекітілген.

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру шаралары туралы»           Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №36 санды бұйрығымен жұмысшы тобы құрылған.

Тексеру комиссиясында құрылған жұмысшы тобымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2019 жылдың 09 қаңтарында 2018 жылдың  желтоқсан айына, 2019 жылдың     11 ақпанында 2019 жылдың қаңтар айына, 2019 жылдың 07 наурызында 2019 жылдың ақпан айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша талдамалық анықтама түзілсе, тоқсан сайын Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша түзілген талдамалық анықтама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолдануда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Тексеру комиссиясымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әр айсайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолдануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы» Ережесіне сәйкес, мемлекеттік  қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлеккеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында, Әдеп жөніндегі уәкіл өз жұмысын жүргізуде.

Әр дүйсенбі күні өткізілетін аппарат және жалпы мәжілісінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақталуы түсіндіріліп, ескертілуде.

Аудиторлық іс-шаралар басталар алдында, аудитке жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу, аудит объектілеріне олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізуге қатысатын мемлекеттік аудиторлар арасында техникалық сабақтар өткізілуде.

Атап айтсақ, «Облыстық білім басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарамаларына бөлінген қаржыларың іске асырылуына аудит жүргізу»         іс-шарасы бойынша өткізілген мәжілісте, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 38-бабында және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының    51-бабында қарастырылған мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті екені айтылып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын және ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің», Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №18-НҚ Нормативтік қаулысы және   Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №601 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының талаптары түсіндіріліп және қатаң сақтай отырып, мемлекеттік аудит іс-шараларын қолданыстағы заңнамалар аясында жүргізу ескертіліп, хаттамалар түзілген.

Сол сияқты, «Түркістан облысы Ішкі істер департаментіне және оның аумақтық басқармалары мен бөлімшелеріне бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу», «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу», «Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу», «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу», «Арыс қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау», «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2018 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын және Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс-шаралары бойынша да техникалық сабақтар өткізіліп, хаттамалары түзілген.

Тексеру комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің, Аппарат басшысының жеке қабылдау өткізу және оны ұйымдастыру жолға қойылған. Тексеру комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігінің, «сенім телефонының» қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан» Облыстық қоғамдық-саяси газетінің 26.01.2019 жылғы №12-13 санды номерінде және «Южный Казахстан» Облыстық қоғамдық-саяси газетінің 28.01.2019 жылғы №12 санды номерінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлер тарапынан Әдеп Кодексі нормаларын бұзу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық іс-әрекет тудыратын фактілер бойынша сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай-ақ, мекеменің бақылау кітабына жазбаша түрде жеткізуіне болатындығы туралы хабарламасы мен Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелері мен аппарат басшысының және Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды жеке қабылдау кестесі» жарияланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды шақыру үшін «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында әлеуметтік сыртқы жарнама арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Тексеру комиссиясы ғимаратының кіре берісінде эскиздер орналастырылған.

Тексеру комиссиясының ресми Веб-сайтына Тексеру комиссиясының жұмысшы тобымен жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша түзілген талдамалық анықтамасы жарияланған.

Бақыланған кезеңде жеке және заңды тұлғалардан сыбайлас жемқорлық іс-қимыл әрекеттері бар арыздар мен өтініштер келіп түспеген.

 

       III. Қорытынды бөлімі

 

Жаңадан енгізілген заңнамалар бойынша техникалық түсіндірме сабақтарын өткізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың түбі неге жеткізетіндігі туралы видео көрсетілімді көрсету арқылы лекциялар өткізуді жандандыру.

 

Scroll Up