Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бойынша бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.
Қолданысқа жаңа редакцияда заңмалардың енуіне байланысты Қазақстан Республикасының қаржы Министрінің «Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурызда №180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылдың 8 сәуірінде №263 бұйрығы шықты.
Анықталған бұзушылықтар сыныптауышында Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу, әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жауапкершілігіне тарту шаралары көзделген.
Бұл өзгерістер бойынша тексеру комиссия қызметкерлеріне құқықтық оқу сабақтары өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының шеңберінде 2015 жылдың I-жартыжылдығында тексеру комиссиясының қызметкерлерімен тиісті уәкілетті органдарына 23 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар өткізіліп, бүгінгі таңға 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігіне тартылып, айыппұлдар салынған.
Тексеру комиссиясы қызметкерлерімен бақылау жұмыстарын жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 21 лауазымды тұлғаға әкімшілік құықық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына әкімшілік істер қарау үшін жолданды. Бүгінгі таңға ,13 әкімшілік іс бойынша лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, соттың қаулысымен айыппұл слынған. Қалған 7 әкімшілік іс сотта қаралуда.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау кезінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың бақылау іс-шарасына қатысты қызметкерлердің іс әрекеттері бойынша пікірлері мен арыз өтініштерін білдіру үшін сенім телефоны тұрақты жұмыс істеуде.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты мақала шығарылуда.

Тексеру комиссиясы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және өзара іс-қимылды жақсарту, сондай-ақ республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің ұсынысын орындау мақсатында бақылау жүргізудың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары облыстық құқық қорғау органдарына тұрақты түрде жіберілуде.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.