ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бойынша бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.
Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын дұрыс қолданбаудан, сыбайлас жемқорлық құрамы бар іс әрекеттеріне әкеп соғатынын барлығымыз білеміз. Соны алдын алу мақсатында, 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 1 қаңтарына берілген редакциясындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының баптарының талаптарын қолдану бойынша тексеру комиссия қызметкерлеріне құқықтық оқу сабақтары өткізілді.
2015 жылдың 01 қаңтарынан, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №367 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабына қосымша 12-1) тармағымен толықтырылып, қолданысқа енгізілді, ол «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 28-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу, сыбайлас жемқорлық жағдай туғызатын құқық бұзушылық іс әрекеттеріне жатқызылады.
Мемлекет қызметшілерімен жасаған құқық бұзушылық фактілеріне есеп жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2014 жылғы 10 қазандағы №114 бұйрығымен, Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап, тексеру комиссиялары, бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік құқықбұзушылық хаттамаларын толтырғаннан кейін, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына тиісті нысандарын толтырып өткізеді.
Бұл өзгерістер бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлеріне құқықтық оқу сабағы өткізілді.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты және де құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен бюджет заңнамасы саласында анықталған құқық бұзушылық жөніндегі бақылау материалдарын беру ережесін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен бұйрығы жасалды.
Бұдан басқа, «Экономикалық қызмет пен бюджет заңнамасы саласында анықталған құқық бұзушылық жөніндегі бақылау материалдарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша депаратаментімен бірлескен бұйрығы жасалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының шеңберінде 2015 жылдың I-тоқсанында тексеру комиссиясының қызметкерлерімен тиісті уәкілетті органдарына 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар өткізіліп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 167 бабы 9 тармағымен, 2 тұлғаға 198 200 теңгеден жалпы 396 400 теңге айыппұл салынған, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 178 бабы 1 бөлігімен, 1 тұлғаға 198 200 теңге айыппұл салынған. Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 235 бабымен қозғалған 1 әкімшілік іс бойынша сот қаулысымен ол айыпты деп танылып, ауызша ескерту жасалған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462 бабы 3,4 бөліктерімен 1 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот органына жолданған. Сот органының қаулысымен 1 тұлғаны айыпты деп танып, 20 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде 39640 теңге айыппұл салынды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау кезінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың бақылау іс-шарасына қатысты қызметкерлердің іс әрекеттері бойынша пікірлері мен арыз өтініштерін білдіру үшін сенім телефоны орнатылып, тұрақты жұмыс істеуде.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты мақала шығарылуда.
Тексеру комиссиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мақала әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында 2015 жылдың 20 қаңтарында жарияланды.
Тексеру комиссиясы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және өзара іс-қимылды жақсарту, сондай-ақ республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің ұсынысын орындау мақсатында бақылау жүргізудың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары облыстық құқық қорғау органдарына тұрақты түрде жіберілуде.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.