Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы (Әрі қарай – Тексеру комиссиясы) жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, 2013-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралар жоспары бойынша бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда және бақылау іс шарасын жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының шеңберінде Тексеру комиссиясының төрағасымен бақылау іс-шаралары аясында бірқатар мекемелерде ашық есік күндері өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау алдында бақылауға жауапты мүшенің жетекшілігімен бақылау объектілерінің қызметкерлерін жинап, таныстыру жиналысын өткізіп, бақылау объектілеріне олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріліп, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және де тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын мақалалар жарияланды.
Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолдануда.
Бақылау жүргізу барысында объектілерде анықталған бұзушылықтар бойынша 2015 жылы 34 құқықбұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолданған. Оның 28 ісі бойынша тұлғалар айыпты деп танылып, айыппұл төлеу туралы сот қаулылары және уәкілетті органға қарау үшін жолданған материалдардар бойынша 37 тұлғаға айыппұл төлеу туралы қаулылары шыққан.
2013-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында, Тексеру комиссиясының 2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары түзілді.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы