Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2017 жылдың 1-ші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы (Әрі қарай – Тексеру комиссиясы) жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында                        2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген және жоспарға сәйкес бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда және бақылау іс шарасын жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Тексеру комиссиясы төрағасының 2016 жылғы 29 наурыздағы        №01-24/87 санды бұйрығымен және 2017 жылдың 28 ақпандағы №40 санды бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы аудиторлардың жұмысын жақсартуды қажет ететін бағыттарды анықтау мақсатында, Түлкібас, Ордабасы аудандарында жүргізілген аудит объектілерінде сауалнама жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының шеңберінде Аудиторлық іс шаралар басталар алдында аудитқа жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және аудит тобының жұмысын ұйымдастыру мақсатында қызметкерлердің арасында техникалық сабақтары өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау алдында аудитке жауапты мүшенің жетекшілігімен аудит объектілерінің қызметкерлерін жинап, көшпелі отырыстар өткізілді. Көшпелі отырыстарында аудит объектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріліп, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және де тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде түсіндірілді.

Аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, аудит материалдарын құқық қорғау  органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолдануда.

Аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында объектілерде анықталған бұзушылықтар бойынша 2017 жылдың 1-ші тоқсанында 5 құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолданған. Оның 4 ісі бойынша тұлғалар айыпты деп танылып, айыппұл төлеу туралы сот қаулылары шыққан. Уәкілетті органға қарау үшін 11 материалдар жолданып, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы