Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2016 жылдың жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы (Әрі қарай – Тексеру комиссиясы) жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, 2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді және жоспарға сәйкес бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда және бақылау іс шарасын жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының шеңберінде Аудиторлық іс шаралар басталар алдында аудитқа жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және аудит тобының жұмысын ұйымдастыру мақсатында қызметкерлердің арасында техникалық сабақтары өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау алдында аудитке жауапты мүшенің жетекшілігімен бақылау объектілерінің қызметкерлерін жинап, көшпелі отырыстар өткізілді. Көшпелі отырыстарында аудит объектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріліп, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және де тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде түсіндірілді.

Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау  органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолдануда.

Бақылау жүргізу барысында объектілерде анықталған бұзушылықтар бойынша 2016 жылы 3 құқықбұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолданған. Оның 2 ісі бойынша тұлғалар айыпты деп танылып, айыппұл төлеу туралы сот қаулылары және уәкілетті органға қарау үшін жолданған материалдардар бойынша 10 тұлғаға айыппұл төлеу туралы қаулылары шыққан.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы