Жаңалықтар

2018 жылдың 10 Қарашасы

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жасаған жолдауы.
  2. Баяндамашы: Тексеру комиссиясы заң бөлімінің басшысы Х. Таженовтың Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жеткізу баяндамасы.

Тексеру комиссиясы заң бөлімінің басшысы Х.Таженов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауында айтылған 6 бағыт бойынша жеке-жеке тоқталып, жолдауда айтылған мәселелер бойынша баяндап өтті.

Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбеков 2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын Тексеру комиссиясының ұжымына жолдауда атап өтілген реформалардың мәнін және олардың маңызын жете түсіндіріп, жолдаудағы әрбір бағытқа жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті.

Мәжілісті қорытындылай келе Мемлекет басшысымен қойылған міндеттердің тиімді іске асырылуына ұжым болып ат салысуға шақырып, тиімділік аудитін күшейтіп жұмыс барысында баса назар аудару керегін айтып өтті.