«Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу»

Баспасөз-Релизі

 

«Облыстың дене шынықтыру және спорт  басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

 

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 15 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 35 042 296,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 6 008 869,9 мың теңгені (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 5 999 649,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының  сомасы 9220,9 мың теңге) құраған.

Рәсімдердіорындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 17 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Жалпы қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаржы  5 999 649,0 мың теңге. Оның ішінде, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны                5 996 459,5 мың теңге, өтелуге жататыны 3189,5 мың теңге қаржы аудит барысында толығымен толығымен өтеліп, қалпына келтірілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  9 материал жолданды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме басшыларының тарапынан 4 лауазымды тұлғаларға «сөгіс», 5 лауазымды тұлғаларға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылып,  1 лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Облыстың дене шынықтыру және спорт  басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

№1 Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы                          С.Аметов