Opening Hours Пн-Пт - 09.00 до 19:00
Телефон доверия +7 (72533) 4-21-52
Email Us revkom_uko@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2017 жылғы « 28 » ақпанында

№ 39 бұйрығымен бекітілген

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары

 

Іс-шаралар атауы Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі
1. Мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлер мен мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарында белгіленген шектеулер қабылдауын қамтамасыз ету Шектеулер қабылдауға келісімін жазбаша түрде рәсімдеу Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Жұмысқа қабылдау кезінде
2. Мемлекеттiк лауазымға орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен  салық органына мүлкі мен табысы туралы декларация тапсырғаны туралы анықтама әкеп тапсыруын бақылау Анықтамалар Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Жұмысқа қабылдау кезінде
3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясындағы мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адамдардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік қызметке кіру шарттарын тексеру ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолданған сұранымның қорытындысы Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Жұмысқа қабылдау кезінде
4. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы анықтама әкеп тапсыруын бақылау Анықтамалар Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Жыл сайын

31 наурызға дейін

5. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарының өз меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға өткізуі

 

Сенімгерлік басқаруға бергені туралы нотариалды куәландырылған шарттың жасалғаннан кейін көшірмесін кадр қызметіне 10 күнде өткізу ҚР заңнамаларына сәйкес пайдалануы табыс алуға әкелетін мүлкі бар қызметшілер Мемлекеттік лауазымға кіргеннен кейін бір ай ішінде
6. Жақын туыстардың өздеріне тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаруына жол бермеу Комиссия төрағасына мәлімет Аппарат басшысы, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі),

бөлім басшылары

Жұмысқа қабылдау кезінде
7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу Ақпарат ұсыну Тексеру комиссиясының мүшелері, Аппарат басшысы, бөлім басшылары, қызметкерлер Тұрақты
8. Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз өтініштерін заңдарда белгіленген мерзімде қарау Жазбаша нысанда жауап Тексеру комиссиясының мүшелері, Аппарат басшысы, бөлім басшылары, қызметкерлер (мерзімін бақылау – әкімшілік-құқықтық бөлімі) Заңдарда белгіленген мерзімде
9. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында «сенім телефонының» қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету БАҚ хабарландыру, комиссия төрағасына ақпарат Әкімшілік-құқықтық бөлімі Тұрақты
10. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету Түскен ақпараттар бойынша Комиссия төрағасына мәлімет Әкімшілік-құқықтық бөлімі Тұрақты
11. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы мен мүшелерінің, Аппарат басшысының жеке қабылдау өткізуі және оны ұйымдастыру Жеке қабылдау карточкалары Комиссия төрағасы мен мүшелері, Аппарат басшысы, Әкімшілік-құқықтық бөлімі Бекітілген кестеге сәйкес
12. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне қатысты және заңдармен көзделген  мемлекеттік органдар ұсынуы тиіс есептер мен мәліметтерді тиісті органдарға ұсыну Есептер, мәліметтер (1-ОЛ, «Айқын» жобасы, т.б.) Тексеру комиссияның мүшелері, бөлім басшылары,  жауапты қызметкерлер Белгіленген мерзімде
13. Мемлекеттік сатып алу процедураларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларға сәйкес өткізу, ықтимал өнім берушілерге заңсыз артықшылықтар көрсетуге жол бермеу Мемлекеттік сатып алулар бойынша Комиссия төрағасына толық ақпарат Мемлекеттік сатып алуға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі,   әкімшілік-құқықтық бөлімі Тоқсан сайын
14. Мемлекеттік сатып алулар өткізу нәтижесінде ықтимал өнім берушілермен жасалынған шарттардың тиісті мекемелерде уақытылы тіркелуін, жұмыстардың, тауарлар мен қызметтердің сапасын және олардың шартта белгіленген мерзімде  орындалуын қадағалау Бұзылу фактілері бойынша Комиссия төрағасына ақпарат Бухгалтерлік құжаттарға бірінші қол қою құқығы жүктелген тексеру комиссиясының мүшесі,   әкімшілік-құқықтық бөлімі Анықталған күннен бастап 3 күн ішінде
15. Төлемдер жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерден артық төлемдерге, сондай-ақ негізсіз қаржы аударымдарына жол бермеу Комиссия төрағасына ақпарат Бухгалтерлік құжаттарға бірінші қол қою құқығы жүктелген тексеру комиссиясының мүшесі,   әкімшілік-құқықтық бөлімі Тоқсан сайын
16. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша олардың техникалық ерекшеліктерін, слайдтарын, фотомонтаждарын және басқа да материалдарды  әзірлеу Әзірленген материалдарды Комиссия төрағасына бекітуге ұсыну Мемлекеттік сатып алуға Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі,

Әкімшілік-құқықтық бөлімі

Мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде
17. Бөлімдерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу Жиналыс хаттамамалары Аппарат басшысы,

Бөлім басшылары

Тұрақты
18. Қызметкерлердің қарым-қатынасы барысында, сонымен қатар бақылау іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың бұзылуын болдырмау мен алдын-алу Жиналыс хаттамалары, хабарламалар Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері Тұрақты
19. Аудиторлық іс-шаралары барысында мүдделер қақтығысын болдырмау Туындаған жағдайда басшылыққа жазбаша мәлімет Тексеру комиссияның мүшелері, бөлім басшылары, қызметкерлері Аудиторлық іс-шараларын жүргізу  тапсырмаларын әзірлеу және оны орындау барысында
20. Аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау  органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру Материалдарды тиісті органдарға ұсыну Тексеру комиссиясының аудит жүргізуге жауапты мүшелері, аудиторлық іс-шараларын жүргізген қызметкерлері, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Анықталған жағдайда
21. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышына» сәйкес аудит жүргізу барысында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және тиісті сотқа өткізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Тексеру комиссиясының аудит жүргізуге жауапты мүшелері, аудиторлық іс-шараларын жүргізген қызметкерлері, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Аудит есебіне аудит объектісі қол қойғаннан кейін немесе қол қоюдан бас тартқаннан кейін құқық бұзушылық хаттамасын дереу толтыру, құжаттарды тиісті сотқа үш тәулік ішінде өткізу.
22. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының басшылығына немесе құқық қорғау органдарына өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөнінде тез арада хабарлау Хабарлама Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері Мәлім болған жағдайда
23. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері бойынша заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар қабылдау Қарау нәтижелері туралы материалдар Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), тәртіптік комиссия Фактілердің анықталуына қарай
24. Аудиторлық іс-шараларын бюджет заңнамаларына, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасына сәйкес жүргізу, олардың қорытындыларын рәсімдеу Аудит нәтижесі бойынша есеп, қорытынды, қаулы Тексеру комиссиясы мүшелері, бөлім басшылары мен қызметкерлері Тұрақты
25. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының регламенті мен Ережесін, Бөлімдер туралы Ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң сақтау Бұзылу фактісі бойынша Комиссия төрағасына мәлімет Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері Тұрақты
26. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау Бұзылу фактісі бойынша Комиссия төрағасына мәлімет Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері Тұрақты
27. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған жұмыстар туралы мақалалар жариялау Мақала жобасын әзірлеу Тексеру комиссиясының мүшелері, Аппарат басшысы, бөлім басшылары, бас инспекторлер Жарты жыл сайын, келесі айдың

15 жұлдызына дейін

28. Аудиторлық іс-шаралар басталар алдында аудитқа жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша техникалық сабақтар өткізу Жиналыстар өткізу, Хаттамалар түзу Аудитқа жауапты тексеру комиссиясының мүшесі,  аудит тобының жетекшісі, аудитқа қатысатын қызметкерлер Тиісті кезеңнің аудит жоспарына сәйкес ұйымдастырылады
29. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу алдында аудитқа жауапты мүшенің жетекшілігімен бақылау объектілерінің қызметкерлерін жинап, таныстыру жиналысын өткізу, аудит объектілеріне олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру, аудиторлық іс-шаралары бойынша ашық есік күндерін жариялау Жиналыстар өткізу, Хаттамалар түзу Аудитқа жауапты тексеру комиссиясының мүшесі, аудит тобының жетекшісі, аудитқа қатысатын қызметкерлер Тиісті кезеңнің аудит жоспарына сәйкес ұйымдастырылады
30. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында жергілікті жерге бару арқылы ашық есік күндерін өткізу Жиналыстар өткізу, Хаттамалар түзу Тексеру комиссияның жауапты мүшесі, бөлім басшылары,  жауапты қызметкерлер Тиісті кезеңнің аудит жоспарына сәйкес қажетіне қарай ұйымдастырылады
31. 2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті тексеру комиссиясының төрағасына ұсыну Ақпарат ұсыну Іс-шара жоспарындағы орындауға жауапты тексеру комиссиясының қызметкерлері Әр тоқсаннан кейінгі айдың

20 жұлдызына дейін

 

 

________________________________

 

Scroll Up